АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Қазан 2022 02:25

АҚЖКК жоспарлы директораты туралы БАҚ-та талқылау

2022 жылғы 3 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті. Күн тәртібінде: колледж Студенттік парламентінің қызметі, оқу және өндірістік тәжірибелердің өткізілуін бақылауды талдау, студенттік клубтардың, секциялар мен үйірмелердің қызметі, 1-курс білім алушыларын бейімдеу бойынша жұмыстың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау.

Аталған мәселелер бойынша АҚЖКК Студенттік парламентінің Президенті, директордың орынбасарлары, бөлім басшылары және кафедра меңгерушілері баяндама жасады.