АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 15 Желтоксан 2021 06:13

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық кураторлық сағат

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 2021 жылдың 13 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық  сағат  зияткерлік ойыны ретінде өтті.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, ақыл-парасаты жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу, өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға баулу бұл іс-шараның басты мақсаттары.

Аталған ойынға келесі топтар қатысты: ТЖ-11В, ТЖ-11Г, ПБ-12Б, ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б.

Ойын 4 кезеңнен тұрды:

  • Тәуелсіздік күнімен байланыстыра отыра, әр топтың өзін - өзі таныстыруы;
  • «Кім жылдам?» кезеңі
  • «Кім алғыр?» логикалық сұрақтарға жауап беруі
  • Шығармашылық өнерлерін көрсетуі

Құзыретті қазылар алқасының шешімімен қатысушыларға келесідей орын берілді:

1-орын ӨҚ-11Б тобы

2-орын ПБ-12Б тобы

3-орын ӨҚ-11А тобы

4-орын ТЖ-11В тобы

Зияткерлік ойынды ұйымдастырушылар: Рамазанова Ү.К., Усина С.С. Жұпархан А., Иса Д.С., Амиртай С. 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!