АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Қараша 2021 10:05

ІІ Республикалық Мұғалімдер Спартакиадасына қатысуы

2021 жылдың 2-6 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ІІ Республикалық Мұғалімдер Спартакиадасы өтті.

Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" болып табылады.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы Мерген Қоқанұлы Ақмола облысы құрамасының құрамында шағын футболдан 3-ші орын алды. 

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!