АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 11:27

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі бойынша пәндік олимпиада

2021 жылдың 22 ақпанында дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі бойынша пәндік олимпиада ашылу салтанаты өтті.

Бұл олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Тестілеуден өту - 1 кезең, шығармашылық тапсырманы орындау - 2 кезең, нәтиже 2 тапсырма бойынша балл сомасы болып саналады.

2021 жылдың 25 ақпанында шығармашылық тапсырманы бағалау және қорытындылау жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтеді.

2021 жылдың 26 ақпанында қорытынды шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Барлық іс-шаралар zoom платформасының онлайн форматында өтеді.