АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 29 Қазан 2020 05:04

«Цифрлық білім беру ресурсын пайдалану» семинар-практикумы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру АҚЖКК ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру тәжірибесін жинақтау мақсатында 2020 жылғы 28 қазанда колледж оқытушылары үшін «Цифрлық білім беру ресурсын пайдалану» тақырыбына семинар-практикум өтті. PhD докторы, «Педагогикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Смирнов Иван Николаевич семинар қатысушыларын оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланумен таныстырды, сондай-ақ дәріскер цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктері, зияткерлік меншікті қорғау туралы ақпарат берді. Семинар қатысушыларына цифрлық білім беру кеңістігіндегі ортақ бағдарламаларды пайдалану туралы ақпарат ұсынылған. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді. 
ОӘжҒЖ директордың орынбасары Перешивкин И.В.