АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 06 Мамыр 2020 14:06

«Бес асық» ойыны бойынша облыстық қашықтық турнирі өтті

Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған 2020 жылғы 18-19 сәуір мен 25-26 сәуір аралығында «Бес асық» ойыны бойынша облыстық қашықтық турнирі болып өтті.

Турнирдің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды дистанциялық турнирлерге көптеп қатыстыру, спорттық шеберлікті арттыру болып табылады. Аталмыш турнирге 48 оқушы мен студент қатысты.

Білімалушылар арасында  жүлделі І орынды  Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білімалушысы Анель Камалова иеленді.  Жүлделі ІІ орынмен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің білімалушысы Аружан Кеңесова марапатталды. Жүлделі  ІІІ орынды Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білімалушысы Іңкәр Асылбекова мен Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжінің білімалушысы Мерей Тұркұлова  иеленді.

Осы орайда, жүлделі орыннан көрінген Көкшетау жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің спортшысы Іңкәрді облыстық жарыста көрсеткен жақсы нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің командамызға келешекте спорттық табыстар тілейміз!

Шаменов А.Т