АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 06 Наурыз 2020 04:48

Жастар-салауатты өмір салты үшін...

Наурыз айының 3-5-і аралығында Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білімалушылары арасында волейбол турнирі болып өтті. Аталмыш жарысқа 24 команда қатысты.

Волейбол жарысы олимпиадалық жүйе түрінде өтті. Жеребе тастау қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді (А-B). Жарыстың финалдық бөлімінде үш үздік командалар кездесті, соның ішінде ДТ-11,ФК-12,ӨҚ-21В командалары бақ сынады. Ақтық сын ДТ-11 және ФК-12 арасында өтті. Бұл ойында бірінші курс білімалушылары жақсы нәтиже көрсеткендері біз үшін үлкен мақтаныш. I-кезең 21/25 II-кезең 10/25 III-кезең 11/15 жалпы ұпай 2:1 есебімен ФК-12 тобы басым түсті. Кездесу соңында командаларға жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген құлшынысы үшін жүлделі орындармен марапатталды.

Ойынның қортындысы бойынша:

ФК-12 I-орын

ДТ-11 ІI-орын

ӨҚ-21В IІІ-орын

Үздік ойыншы-Рыбалкин Дмитрий

Жарыста табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік пен талпыныс танытқан жас спортшыларға, алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!

Шаменов А.Т.