АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 04 Наурыз 2020 05:11

«Оқытудың заманауи инновациялық технологиялары мен әдістемесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

02.03.2020 жылы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің азаматтық қорғаныс кафедрасында «Оқытудың заманауи инновациялық технологиялары мен әдістемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жоғары және бірінші санатты оқытушылар Садуов Б.К., Сагатаев А.Ш., Михайлов С.Ю. аталған тақырып бойынша баяндамалар мен презентациялар дайындады.

Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты – тәжірибелі оқытушылардың жас оқытушылармен тәжірибе алмасуы. Білімалушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ететін оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану, оқытылатын материалдарды жүйелендіруге, жинақтауға, талқылауға және пікір алысуға үйретеді.

Дөңгелек үстел барысында жас оқытушылар сұрақтарын қойып, тәжірибелі оқытушылардан сауатты және білікті жауаптар алды.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының әдіскері Магадилова А.С.