АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 11:54

1 наурыз – халықаралық азаматтық қорғаныс күні

2020 жылдың 2 наурызында «ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ аумағында «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығының студенттеріне арналған көрнекі оқу-жаттығулар өтті. Студенттерді «ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары – Аитпаев Талгат Манатович қарсы алды. Мекеме қызметінің мақсаты:1) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; 2) Ақмола облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Жедел-құтқару жасағы мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейді: сүңгуірлік-іздеу жұмысы; суда құтқару жұмысы; апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар; кинологиялық жұмыс.

Дайындаған Ергалиева Г.М., жастар қозғалысының үйлестірушісі