АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 10:39

Топтың ауызбіршілігін арттыруға арналған тренинг «Біз командамыз!»

02.03.2020 жылы педагог-психолог ФК-12с тобымен топтың, команданың ауызбіршілігіне арналған тренинг өткізілді.

Аталған тренингтің мақсаты: Тиімді командалық әрекетті, топтың ішінде ауызбіршілікті қалыптастыру. Қолайлы психологиялық климат құру, тұлғааралық қарым-қатынастардағы кедергілерді жеңу, коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Аталған тренингте барлық студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен және тілектерімен бөлісті.

Бекбаева Ж.