АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 09:18

Қазақ даласының сұңқары - Абай Құнанбаев

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр, - деп ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтің дәуіріне де, 21 ғасырға да сол үн мен тыныс әлі дем беріп тұр.

Міне, осы сарқылмас мұраны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында арқау етіп, 2020 жылдың наурыз айының 2 жұлдызында ЖББ-21, МДО-31 тобының кураторы Р. З. Нурсеитованың ұйымдастыруымен «Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сапарбекова Аружан, Нұғман Ақерке, Қамаш Айсауле Абайдың қара сөздерінен үзіндіні оқыса, Балгамбек Дильназ «Қыс», Айтмухан Гулсана «Күз» өлеңдерін жатқа айтты. Білімалушылар ашық сабақ соңын «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады. Жалпы бұл тәлімі мол тәрбие сағаты болды.

Р.З. Нурсеитова