АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 10:55

ТКББ ұйымдары жалпы білім беру пәндер оқытушыларының семинары

12.02.2020 ж. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу барысында білім беру үрдісінің ерекшеліктері» тақырыбына, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беру пәндері оқытушылары әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы өткізілді.

Мақсаты: халықаралық стандарттар және заманауи білім беру технологияларын пайдалану негізінде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында жалпы білім беру цикл пәндерін өткізу әдістерін жетілдіру; білім беру технологияларын енгізудің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін жалпылау және тәжірибе алмасуда шығармашылық белсенділікті арттыру;

Отырыс №1 Көкшетау құрылыс-техникалық колледжі химия және биология пәндері оқытушысы Хващевская Ирина Владимировнаның төрағалығымен және облыстық оқу-әдістемелік кабинет, техникалық және кәсіби білім беру оқу орындары жалпы білім беру пәндері оқытушыларының қатысуымен өтіп, пленарлық және практикалық бөлімдерге бөлінді.

Пленарлық бөлімде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі директоры Тюлебаев А.Ж. және техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің әдіскері Сералина С.С. сөз сөйледі, сонымен қатар Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі оқытушылары Ж.Д.Мадеев, У.О.Тойлыбаеваның «Обновление содержания и методики обучения общеобразовательных предметов в условиях модернизации образования», «Качество образования: новые подходы в условиях реализации обновленного содержания образования» тақырыбына баяндамалары тыңдалды.

Практикалық бөлім гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттармен секцияларға бөлініп:

«Сабақтағы критериалды бағалау»:

«Жаңартылған мазмұн бойынша сабақты тиімді жоспарлау»

«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеудің негізгі тәсілдері» тақырыптары бойынша Аскарова Асель Корганбековна, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі тарих пәні оқытушысы, Нурбикенова Гульназ Жанабаевна, Есмагулова Асем Бакытбековна математика пәні оқытушылары тренинг өткізді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді.