АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 11:04

Румянцев Юрий Васильевичтің 60 жылдық мерейтойы!

7 ақпан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі азаматтық қорғаныс полковнигі , колледждің мамандандырылған орталығының жетекшісі - Румянцев Юрий Васильевичтің 60 жылдық мерейтойын атап өтті.

Облыстық филармония базасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Вице-президенті Кривошеев Валерий Павлович, Ақмола облысының төтенше жағдайлар бойынша бөлімшелері ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы – Карабалин Жанат Султангалиевич, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының басшысы – Шарипханов Сырым Дюсенгазиевич, АҚ полковнигі, ҚР ІІМ ТЖК КТИ бастығының саптық, тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары – Омаров Мурат Сапарович, азаматтық қорғаныс полковнигі, ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары – Молдаханов Ерлан Кадарбекович құттықтау сөз сөйледі.

Юрий Васильевич тамаша педагог және өмірінің көп бөлігін оқытушылық қызметке арнаған.

Юрий Васильевич Әскербек Жамантаевичпен әңгімелесу барысында барлығына осының бәрі қалай болды және қалай басталғаны жөнінде айтып берді.

Юрий Васильевичті Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің "ТЖ қорғау" мамандығында оқитын  екінші курс студенттері Даулетбай Абзал, Чекушева Айжан,  және АҚЖКК-нің шығармашылық тобы "Үш жүрек" атты тамаша әнмен құттықтады.