АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2020 10:48

"Аяз Атаға Хат!" жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

2019 жылдың 21 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы ресейлік-қазақстандық жастар форумында 2020 жылды Қазақстан Республикасындағы еріктілер жылы деп жариялады .

5 жыл аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде еріктілер қозғалысы жұмыс істейді.

Жаңа жыл қарсаңында АҚЖКК-нің волонтерлері "Біз біргеміз!" қайырымдылық қорымен бірлесіп «Біз біргеміз!» - «Мы вместе!» ұранымен "Аяз Атаға хат" атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Аяз ата Ақшақармен бірге балалардың жаңа жылға тілегін тілектерін орындады. Сыйлықтармен бірге міндетті бонустар: тәтті қорап, Аяз Ата мен Ақшақар және жаңа жылдық сценарий болды. Себебі көптеген балалар денсаулық жағдайларына байланысты таңертеңгіліктерге бара алмайды. Ал мұнда – мекен-жай бойынша мереке үйге.

 

Медиа