АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Желтоксан 2019 07:33

Республикалық «ҚР колледждерінің ТОП100 студенттері» атты жобаның жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2019 жылдың 19 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы оқушылар сарайында республикалық «ҚР колледждерінің ТОП100 студенттері» атты жобаның жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Аталған жобада бақ сынап, жеңімпаздар қатарынан ойып тұрып орын алған Шарипбаев Темірлан мен Сайлау Аяулымды жеңістерімен құттықтаймыз!Еліміздің болашағы өмір бойы үздіксіз білім алып, ел экономикасын дамытуға үлес қосатын жастардың қолында екені барлығымызға мәлім. Сол жастардың бірі де бірегейі өздеріңсіңдер. Осы жеңістеріңмен колледжіміздің атын бүкіл республикаға шығардыңдар. Ендеше алған беттеріңнен қайтпай, алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болғай дегім келеді.

Аскарова А.К.