АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 09 Желтоксан 2019 09:51

Фестиваль-конкурсы «Ертегіден кейін ертегі...»

06.12.2019 жылы АҚЖКК-нің 15 жылдығына, жастар жылы және тәжірибеге бағытталған оқыту аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Бастауыш білім беру» педагогикалық мамандықтарының студенттері арасында «Қуыршақ», «Ертегілерді жатқа мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша «Ертегіден кейін ертегі...» театрлық фестиваль-конкурсының екінші айналымы өтті.

Біздің фестивальге құрметті қонақтар келді:

 «Single Dream Entertainment» продюсерлік орталығының директоры - Абылай Ланге .

 «LOC PROJECT»  шығармашылық бірлестігінің өкілі – Курмангалиев Мерлан.

«Жастар ресурстық орталығының» жастармен жұмыс жөніндегі маманы – Жумабеков Аслан.

Қазылар алқасының құрамына біздің ең кішкентай қонақтарымыз кіріп, біздің сайыскерлерімізді бағалады, өздеріне ұнағандарына дауыс берді.

Наенко А.Б.