АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Ақпан 2016 00:00

Қазақ хандығына 550жыл

Қазақ хандығына 550жыл

 

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи Жолдауы барысында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы: Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың  20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз» деген болатын. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.

     Осы орайда «Көкше» колледжінде де жоспарлы түрде айтулы дата бойынша іс-шаралар басталып кетті. Тарихшы мұғалім болғандықтан мен де бұл мерекелік іс-шараға барынша үлес қосуды жөн көрдім. 1 курс студенттерінің басын қосып, оқушылар жүрегінде патриоттық сезім ұялату мақсатында, «Қазақ хандығына-550жыл» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

     Бұл тақырып: қазақ хандығының құрылуынан бастап, бүгінгі Тәуелсіз ел болғанға дейінгі ауқымды тақырыпты қамтыды.

Ашық сабақ барысында: ҚТ-11А тобының студенттері «Қазақ халқының қалыптасу тарихы» мен «Қазақ хандығының тарихы» тақырыбында баяндамалар оқып, тарихи деректер келтірді.    ӨҚ-11А тобының студенттері «Хандықтың құрылуы»-деп аталатын сахналық  көріністі шебер орындап, сонау хандық дәуірді алдымызға елестеткендей болды.

     Ашық сабаққа арнайы шақырылған   Облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Ақынова Инара Амангелдіқызы сөз алып, тақырып төңірегінде мұражайда сақталған хандық дәуірдің мол мұрасымен бөлісті.

      Сондай ақ, Жамантаева Ұлжан «Тарихы терең қазақ елім» деп аталатын өлең оқып, Жақсылық «Өз елім» атты әсем әнімен әрледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм көрсетілді.

     Сөзсіз, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның студенттер қауымы үшін берері мол. Ұлттың ұлт болып сақталып қалу мәселесі жаһандану заманында аса өзекті болып отырғандығы да шындық. Сондықтан осындай маңызы ерекше іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенемін.

 

Тарих пәнінің оқытушысы Мұқышева Жадыра Омышқызы