АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 19 Наурыз 2019 07:18

Қош келдің, әз-Наурыз!

18 наурыз 2019ж.

Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша халық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырған. Сондай іс-шаралар біздің  колледжімізде ұйымдастырылып, әр топ қазақтың салт-дәстүрін көрсетті. ӨҚ-41Б, ТЖ-31А, ТЖ-31Б топтары ұлттық тағам саналатын «Наурыз көженің» дайындалуы туралы көрініс көрсетті.

Қазақ  халқының салт-дәстүрін көрсетуге және оны құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың бойына ұлттық тәрбие сіңіруде берері мол.

Кураторлар: Садуов Б.К, Абильтаева С.Б.