АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Педагогикалық пәндер кафедрасы

Педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі – жоғары санатты оқытушысы Корнева Ольга Сергеевна

Колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен 2018 жылдың 28 тамызындағы №1 хаттамада педагогикалық пәндер кафедрасы құрылды. Кафедра құрамына келесі мамандықтар кіреді: 010000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт».

Кафедрада терең теориялық білімі, оқытушылық тәжірибесі, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Кафедра қызыметкерлерін табысты және сұранысқа ие болуына, кез-келген өзгеріске дайындығына, жаңа жағдайларға тез және тиімді бейімделуіне, кәсіби маман болуына, үнемі өз білімдері мен дағдыларын жаңартуына, өзін-өзі дамытуына, төзімділік танытуына, кәсіби білікті болуына ұмтылу біріктіреді.

Кафедраның оқытушылық құрамына 23 оқытушы кіреді:

1 педагогика ғылымдарының кандидаты – Кривошеев В.П.

1 педагогика ғылымдарының магистрі магистр – Перешивкин И.В.

2 экономика ғылымдарының магистрі магистра – Перешивкин В.В., Мускина Б.Ж.

1 әлеуметтік жұмыс магистрі – Халитова Ф.Р.

1 педагогика және психология магистрі - Кокан М.К.

4 жоғары санатты оқытушылар – Корнева О.С., Курманов К.К., Касымов М. Ж., Шумаков Ю. А.

5 бірінші санатты оқытушылар –Бейсенбаева Г.А., Бекжанова М.Е., Кудабаев Ж. М., Хаметова А.А.,  Шаменов А.Т.

Кафедраның әдістемелік мәселелері:

Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы педагогикалық пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру. Кафедра қызметінің басымдылық бағыттарының қатарына: оқытушылардың ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқытылатын пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысымен жандандыру, оқытудың практикалық бағытын күшейту.

Кафедра оқытушыларымен әр түрлі бағдарламалар, практикалық ұсыныстар әзірленді, аналитикалық шолулар мен анықтамалар дайындалды, олар оқу процесі мен практикалық іс-әрекетінің бөлігі ретінде қолданылады.

Профессор-оқытушылар құрамымен оқу процесінде қолданатын оқыту пәндеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кафедра өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында практикалық және білім беру қызметі процесінде туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған теориялық және қолданбалы зерттеулерді біріктіруге ұмтылады.

Білімалушылардың адамгершілік және патриоттық тәрбиесі жөніндегі сұрақтар кафедра отырысында қарастырылады, ал қажетті тапсырмалар барлық сабақ түрлерін өткізгенде, басшылықпен кездесулерде шешіледі. Кафедра тәрбиелік іс-шараларға белсене ат салысады.

Оқу процесі түлектердің практикалық қызметіне бағытталған, ол білімалушылардың оқу, педагогикалық кәсіптік практикасын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.

Кафедра болашақ мамандарды тәрбиелеуде кәсіби қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық-педагогикалық циклі мен мамандандыру пәндері айтарлықтай әсер етеді.

010000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу. Қолданбалы бакалавриат - орта білімнен кейінгі білім, «қолданбалы бакалавр» біліктілігін беретін кадрларды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

белгілі бір қызмет түріндегі қолданбалы дағдылары бар, соның ішінде еңбек нарығында талап етілетін тиісті біліктілікке ие жоғары білікті маман

бакалавриат бағдарламаларының жеке модульдерімен немесе пәндерімен ТжҚББ біріктірілген білім беру бағдарламаларын игерген

Білімі туралы диплом және қолданбалы біліктіліктің берілгендігі туралы сертификаты бар

Қолданбалы бакалавриат студенттері кредиттік-модульдік технологиясы бойынша оқиды. Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне сәйкес келеді.

Кредиттік оқыту технологиясы - бұл студенттердің жекелей оқу траекториясының тізбегін жоспарлау мүмкіндігі бар оқу процесін ұйымдастырудың тәсілі. Кредиттік оқыту технологиясының мәні - оқу жұмысының күрделілігін есепке ала отырып, оқу материалының көлемін сипаттайтын несиелер арқылы жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттерінің бірі - студенттердің өзіндік жұмыстарының рөлін арттыру.
Оқу процесіне кредиттік технологияны енгізудің мақсаты:

отандық білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне кірігіуі

оқу процесі субъектілерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету

студенттердің білім көлемін біріздендіру

оқытудың максималды даралануы

өзіндік жұмыстың рөлін арттыру

«Білім туралы» Заңына сәйкес 010000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша практика бағытталған оқыту жүйесі енгізілді. Студенттер оқытудың қосарлы формасының теориялық бөлігін колледжде, ал практикалық бөлігін жұмыс орынында алады.

Кафедрада жұмыс істейді:

«Тұлпар» спорт клубы – жетекшісі Кокан Мерген Коканұлы

«Ұлан» әскери-патриоттық клуб – жетекшісі Бабаев Максим Владимирович

Практикалық педагогикалық шеберлік орталығы – жетекшісі Корнева Ольга Сергеевна