АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ
КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Жас Отан» жастар қанаты

«Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ойын жалғастырушы жас саясаты.

Азаматтық қорғаныс көспсалаы колледжінде 2015 жылдың 1-қазанынан бастан «Нұр Отан» партиясының жанынан «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімі ашылды. Бастапқы бөлімшенің жетекшісі болып Халитова Фарида Рафаиловна сайланды. Бастауыш бөлімше 30 белсенділер мен волонтерлардан құралды.

Бастапқы бөлімшенің ашылу мақсаты мемлекет басшысымен "Нұр Отан" партиясы саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

Бастапқы бөлімшенің негізгі қызметі қала ардагерлеріне көмек, жетім балалар үйлеріне, тұрмыстары төмен отбасыларына көмек көрсету мен әр түрлі форматтағы қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу.

Колледж белсенділері түрлі форумдар мен акцияларға қатысып, адамдарға көмектесіп отырады. Бірінші жартыжылдықта біз облыстық және қалалық деңгейде өткен 30-дан астам іс-шараларға белсенді қатысып, 20-дан астам атаулы мекен-жайларға көмек көрсетіп, өзіміз 5 астам іс-шаралар ұймдастырдық. Сонымен қатар "Жас Отан" ЖҚ бастапқы бөлімшенің белсенділері әртүрлі облыстық және республикалық сайыстарға қатысып, осындай байқаулардың бірі "Ел сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты сайысқа қатысып 1 орынға ие болды.

Сондай-ақ "Жас Отан" ЖҚ мамандары балалардың өзін-өзі дамыту және көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін оқу тренингтерін өткізіп отырады, оған барлығы белсенді қатысып, ат салысады.

"Нұр Отан" партиясының жанындағы "Жас Отан" ЖҚ қатарына кірген белсенділер өздерінің табысты мансапқа жету жолдарына алғашқы қадамдарын жасайды.