АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 16 Қазан 2015 06:27

Концерт «Қадірлейік қарттарды!»

 «Қадірлейік қарттарды!» 

2015жылы 9 қазан күні колледжде қарттар күніне байланысты «Қадірлейік қарттарды!» атты концерт ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға жауапты оқытушылар Кайникенова Айгуль Балташевна, Альжанова Ляззат Сабыргельдиевна. 

Мерекеге Бекенова Халида Салимовна, Герасимова Лариса Анатольевна, Хамзина Сара Хамитовна, Шонова Мағрипа Ғазисовна, Бортникова Людмила Леонидовна шақырылды.
Концертке бірінші курс оқушылары белсене қатысты. Кондратюк Елена «Старый клен», Нурушев Сағындык «Дорогие мои старики», «Родительский дом», «Мы желаем счастья вам!» әндерің нәқышымен орындап, көрермендердің көңілінен шықты. Маман Бауржан қазақтың қара домбырасымен, қоңыр дауысымен шақырылған қонақтарды «Жаратқан бақыт» термесін орындап өзіне баурап алды. 1-курс студенттері осы күнге байланысты өлең шумақтарын жатқа айтып берді. Оқушылар сондай-ақ «Курочка Ряба» ертегісін заманауи бағытымен көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеріп тастады. Колледж оқытушылары Кайникенова Айгуль Балташевна, Альжанова Ляззат Сабыргельдиевна, Бекахметова Жанерке Сайлаубековна Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көрермендердің көңілін бір серпіп тастады. Альжанова Ляззат Сабыргельдиевна «Ладушка» әнін тамаша орындап шықты. Мереке өте сәтті өтті, ауа райы да қарттардың мейіріміндей күн шуағын төгіп тұрды.

           концерт 2        концерт 3      концерт 4
Козганова Умут Каиргельдиновна директордың оқу –әдістеме жұмысының орынбасары және арнайы шақырылған қонақ Халида Салимовна ұйымдастырушы оқытушылар мен оған қатысқан оқушыларға ризашылығын білдіріп, шын жүректен рахмет айта отырып, еңбектеріне зор табыс тіледі. Концерт соңынан шақырылған қонақтарға арнап шай берілді. Қонақтар үйлеріне риза болып қайтты.

Авторлар: Кайникенова Айгуль Балташевна, Альжанова Ляззат Сабыргельдиевна.