АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 14 Қазан 2015 03:30

Тілдер апталығы

Тілдер апталығы

«Көкше «Академиясы» мекемесі жанындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде «Тілдер мерекесі» аясында 28 қыркүйек- 2 қазан аралығында «Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір» атты тілдер апталығы өтті.

Апталық салтанатты жиынмен басталып, жабылу рәсімі салтанатты түрде шағын концерт ретінде өтті. Апталық ішінде ашық сабақтар, сабақтан тыс іс- шаралар, пікірсайыс, лингвистикалық турнирлер, психологиялық тренингтер өткізіліді. 1-курс және 2- курс оқушылары арасында «Ана тілім- ардағым» атты қабырға газет сайысы өтті.

Қазақ тілі пәні бойынша лингвистикалық турнирді Есентурова Бакыт Саттыбалдиновна өткізді. Бұл турнирге ПБ-12, НО-12 және ЧС-12 топтарының оқушылары қатысты. «Қазақ тілі- қазына» атты турнирдің мақсаты оқушылардың танымдық көзқарастарын толықтыру, тілдергі, әсіресе қазақ тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөйлеу, әңгімелесу, ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс 6 асудан тұрды.

Оқыту тілі – қазақ тілі топтарында қазақ тілі пәні бойынша лингвистикалық турнирді Сейлбекова Сәулеш Жахмурқызы өткізді. Турнир «Викториналық сұрақтар»,  «Мақал-мәтелдер сайысы. «Жалғасын тап» ойыны, «Мақал- мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып, үш тілде баламасын айту.(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), «Адасқан әріптер» ойыны, «Тапқырлық. Жұмбақтардың шешуін табу» атты 5 айналымнан тұрды. 

Колледж психологы Бейсамбаева Самал Аманжоловна ЖББ-31  «Мен концепциясы» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін- өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым- қатынасқа түсу мәдиниетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру болды.

      2- курс және 3- курс өзге ұлт өкілдері студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Сайысты өткізудегі мақсатымыз-оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге,  қазақ халқының  дәстүрлерін   құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс тапсырмаларында студенттердің презентация бойынша өздерін таныстыруы,мақал-мәтелдерді жалғастыру, тіл мен әдебиет бойынша қойылған сұрақтарға жылдам, ұтымды жауап беру, сөзден бірнеше сөз қатарын жасау, үй тапсырмасы ретінде көркем шығарманы жатқа мәнерлеп оқу берілді. Сайыскерлер берілген тапсырмаларға толық, мазмұнды жауап берді.

 Әділқазылардың  шешімі бойынша  бірінші орынды  НОО -32 тобының студенті Акчурина Виктория, екінші орынды НОО -32 тобының студенті Крамаренко Виктория, үшінші орынды ПБ-22с тобының студенті Троценко Николай иеленді. Жалпы іс – шара ұйымдасқан түрде мазмұнды, қызықты өтті.

Жабылу рәсімінде барлық апталық қатысушалар мақтау қағазбен марапатталды. 

Авторы: Анисова А.С.

тілдер апталығытілдер апталығы