АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 26 Сәуір 2024 05:09

«Miss Kokshe-2024» дәстүрлі жыл сайынғы іс-шарасы

2024 жылдың 24 сәуірінде Көкшетау қаласында колледждің 20 жылдығына арналған «Miss Kokshe-2024» Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің дәстүрлі жыл сайынғы іс-шарасы өтті.
«Miss Kokshe» қатысушылардың даралығын, керемет стилін және сүйкімділігін көрсетуге арналған алаң болып табылады, сондай-ақ байқау ұжымды ынтымақтастық пен өзара қолдау рухында біріктіруге ықпал етеді. Іс-шара колледждің мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.
Құрметті қазылар алқасының бірауыздан қабылданған шешімі бойынша «Miss Kokshe-2024» атағы ЧС-22А тобының студенті Саракатая Дарьяға берілді. «I VICE Miss Kokshe-2024» номинациясында ЧС-22В тобының студенті Досымова Аружан жеңіске жетті, ал «II VICE Miss Kokshe-2024» атағын ЧС-12А тобының студенті Шифнер Алина алды.
Байқаудың барлық қатысушылары тамаша өнер көрсетіп, жиналған қонақтарды дарындарымен және сұлулығымен таң қалдырды.
Барлық сұлу жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!