АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024 15:31

«WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі

2024 жылдың 17 сәуірінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш сыныптарда оқыту» және «Құтқару жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатында қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын ғана емес, сонымен қатар үздік білім беру болашағын құруға деген ұмтылыстарын көрсетуге дайын болды. Іс-шара кәсіби қоғамдастықтың өсуі мен дамуын ынталандыра отырып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім және шабыт алуға жол ашты.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!