АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 15 Сәуір 2024 03:55

Әдістемелік бірлестіктерінің салтанатты жабылуы

2024 жылдың 12 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және Жалпы білім беру кафедрасында «Квант», «Биосфера», «Филология», «Бастауыш», «Тарих және құқық», «Дене тәрбиесі» әдістемелік бірлестіктерінің салтанатты жабылуы өтті. Әр әдістемелік бірлестік пән апталықтарының қалай өткендігі туралы қысқаша бейнебаяндарын және дайындап келген өнерлерін көрсетті.  

Ұйымдастырылған барлық іс-шаралардың мақсаты жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Жабылу салтанатында барлық ӘБ әртүрлі номинациялармен марапатталды. Ал «Квант» әдістемелік бірлестігі «Үздік» деп танылды.

Сондай-ақ, барлық оқытушыларға кәсібилігі мен шығармашылық үлестері үшін алғыс айтылды.