АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 13 Сәуір 2024 03:49

Құттықтаймыз!

2024 жылдың 9-12 сәуір аралығында Зеренді а., Чаглинка ауылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушыларының 6 командасы арасында баскетболдан облыстық «Кезең» спартакиадасы өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қыздар командасы осы спартакиадада 1 орынды иеленді.

Сондай-ақ жеке номинацияларда біздің колледждің келесі ойыншылары ерекшеленді:

1. «Ең нәтижелі ойыншы» - ФК-32А тобының студенті Хамитова Камила.

2. «Үздік ойыншы» - Аманжолова Камила, ФК-42 тобының студенті.

Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Кескіндер галлереясы