АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 10 Сәуір 2024 09:46

Жалпы диктант

2024 жылғы 10 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында, жалпы диктант өткізілді.

Диктантқа ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б, ТЖ-11А және БББПӘ-11 тобының студенттері қатысты. Білім алушылар тарихқа, ғылымға, өнерге және өмірдің басқа да салаларына баға жетпес үлесін қосқан даңқты тұлғалар туралы танымдық ақпарат алды. Бұл білім алушыларға ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймай, болашақ жетістіктері мен ұмтылыстары үшін шабыт табуға мүмкіндік береді.