АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Сәуір 2024 06:30

«Үздік жас педагог» байқауы

2024 жылдың 8 сәуірінде АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Үздік жас педагог» байқауы өтті.

Осы байқаудың мақсаты оқытушылардың әдістемелік және тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал ету, кәсіби дағдыларын дамыту және жетілдіру болып табылады. 

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі орындарға ие болды:

Гран-при – Орал Серікболсын Маратұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

1 орын – Қопаш Руслан Бауыржанұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын – Имекешов Магжан Алибекович, Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын –  Қалым Нұрсат Танатұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

Барлық қатысушылар байқауға белсенді қатысып, педагогикалық және шығармашылық шеберліктерін көрсетіп, дипломдармен марапатталды.