АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 04 Сәуір 2024 10:45

Ғылым апталығы

2024 жылдың 1-3 сәуір аралығында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында, колледждің 20 жылдығына арналған «Ғылымға алғашқы қадам» атты Ғылым апталығы өтті. Жобалық-зерттеу жұмыстарын қорғау педагогикалық, тарихи-мәдени, химия-биология, филология, ақпараттық математикалық секциялары бағытында жүргізілді. Апталыққа жалпы алғанда 28 ғылыми жоба ұсынылды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары апталығы жоғарғы деңгейде өтті.

Апталыққа белсенді қатысқан білім алушылар сертификат және дипломдармен марапатталды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!