АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 30 Наурыз 2024 06:45

Ғылыми-практикалық конференция

 2024 жылғы 29 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғау кафедрасында «Ғылым арқылы мамандыққа» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шарада білім алушылардың баяндамалары тыңдалды, онда жаңа өрт-құтқару техникасы мен технологияларын құру, әртүрлі қорғау объектілеріндегі өрттердің алдын алу және жою, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және құтқару саласындағы ең өзекті мәселелер, ғылыми зерттеулердің бағыттары мен нәтижелері көрсетілген.
Баяндамашылар кафедраның оқытушылар құрамымен бірге Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметін инфокоммуникациялық қамтамасыз етуді жетілдіру және дамыту, өрттер мен ТЖ алдын алу және жою кезінде басқару процестерін цифрландыру, профилактикалық жұмыс және бақылау-қадағалау қызметі мәселелерін талқылады.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.