АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024 11:02

«Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау» пәні бойынша ашық сабақ

2024 жылғы 28 наурызда Азаматтық қорңаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқу қызметінің белсенді нысандарын қолдана отырып сабақтар өткізу шеңберінде, Азаматтық қорғау кафедрасының оқытушысы Акиньшин Н.А. «Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Білім алушылар газ-түтіннен қорғаушының төтенше жағдайларда тәртібін және оның қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі психофизиологиялық процестермен танысты. Кәсіби қызметтегі қауіпсіздікті басқарудың психологиялық мәселелеріне, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жұмысы кезінде экстремалдық және төтенше жағдайлар кезінде психологиялық қорғау мен көмек көрсетудің кейбір әдістеріне ерекше назар аударылды.