АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 26 Наурыз 2024 10:55

Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы

2024 жылдың 26 наурызында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға дене тәрбиесі және арнайы пәндер оқытушылары Кокан М.К., Патиев Б.М., Садик А.Т., Шумаков Ю.А., Мамрин Е.Б., Базарбаева А.Р., Мусулманбек Н.М., Эберц А.В., Занина А.В. қатысты.

Оқытушылар құрамы мен білім алушылар «Бес асық» және «Асық ату» спорттық іс-шараларына белсенді қатысты.

Сондай-ақ, колледж оқытушылары мен қызметкерлері үшін арнайы фитнес-тренинг ұйымдастырылды. Бұл іс-шара денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжымда достық қарым-қатынасты нығайтты.  

Осы аптаға жоспарланған түрлі іс-шаралар салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.