АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Наурыз 2024 12:13

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

2024 жылдың 15 наурыз күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша ТЖ-31С және ӨҚ-31С топтарымен сабақтан тыс «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны өтті.

Сайыстың мақсаты білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімдерін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Білім алушылар ойынға белсенді қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын  танытып, өз білімдерін толықтай көрсете алды.

Ойын шарты бойынша білім алушылар екі топқа бөлініп, өзара бәсекеге түсіп, әр түрлі тапсырмаларды орындады. Бұл сайыста алғырлығын көрсеткен «Эврика» тобы жеңісті өз қармағына ілді.

Омиралина  М.К.