АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 24 Ақпан 2024 05:31

«Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу турнирі

2024 жылдың 22-23 ақпанында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында, «ТЖ қорғау» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola 2023» өңірлік чемпионатының колледжішілік іріктеу турнирі өтті.

Бұл іс-шара білім алушылардың дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді, олардың кәсіби мүмкіншіліктерін кеңейтеді және одан әрі жетілдіруге ынталандырады.

Турнир нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

  • 1 орын - ТЖ-31Д тобы;
  • 2 орын - ТЖ-31А тобы;
  • 3 орын - ЧС-32Е тобы;

Сонымен қатар турнирдің модульдеріндегі үздік нәтижелері де белгіленді:

  • «Жауынгерлік киім кию» модуліндегі үздік нәтиже - Алмабекұлы Алмаз, ТЖ-31А тобы;
  • «Зардап шегушіге кигізу арқылы қос құтқару ілмегін байлау түрі» модуліндегі үздік нәтиже - Қызыр Нұралы, ТЖ-31Д тобы;
  • «Жауынгерлік өрістету» модуліндегі үздік нәтиже - ТЖ-31Д тобы;
  • «ТЖ аймағынан зардап шеккен адамды іздеу және эвакуациялау» модуліндегі үздік нәтиже - ТЖ-31Г тобы;

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!