АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 27 Желтоксан 2023 04:51

Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия

2023 жылғы 26 желтоқсанда АҚЖКК оқытушылары Алпысбаева Р.К және Сарсенбаева Р.А. ЧС-12В, ЧС-12Б және ДОВ-12 топтарының білім алушыларымен бірлесіп Көкшетау қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығымен танысу мақсатында барды.

Басшылық білім алушыларға арнап бөлімнің үй-жайлары бойынша қызықты экскурсия өткізді. Студенттер қарауыл және кезекші-диспетчерлік қызметтердің үй-жайларымен танысты, олардың функционалдығы, жұмыс принципі және жарақтандырылуы туралы білді. Сондай-ақ авариялық жағдайлар мен құтқару жұмыстарына арналған техникамен және жабдықтармен танысу жүргізілді.

Экскурсия қызықты және мазмұнды болды. Қатысушылар көптеген жаңа нәрселерді білді және оларды қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы белсенді қызығушылық танытты.

Алпысбаева Р.К және Сарсенбаева Р.А.