АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 24 Қараша 2023 09:02

Зияткерлік ойындары

2023 жылғы 23 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «КВАНТ» ӘБ математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында, физика пәнінің оқытушысы Сарсенбаева Р.А. ФК-12А тобының студенттері үшін «Қызықты физика» еліктірерлік зияткерлік ойынын ұйымдастырды, сондай-ақ математика пәнінің оқытушысы Алпысбаева Р.К. ЧС-12А тобының студенттерімен «Ақылды білім алушылар» математикалық ойынын өткізді.
Сонымен қатар, оқытушылар Сарсенбаева Р.А., Нурсеитова Р.З., Алпысбаева Р.К. және Рахметова Р.З. жас оқытушыларға арналған «Әр түрлі типтегі сабақтарды ұйымдастырудағы әдістемелер мен оқу құралдары» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Іс-шаралар білім алушылар арасында дұрыс бәсекелестік атмосферасын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.
Жас оқытушылар мастер-класқа белсенді қатысып, заманауи технологиялармен және олардың әдістерімен танысты.