АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 24 Қараша 2023 09:00

Тәжірибелік сабақтары

2023 жылғы 22 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ПжЖББП кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы «Қазіргі заманғы оқыту технологиялары және олардың болашақ мұғалімді дайындаудағы рөлі» тақырыбындағы тәжірибелік сабақтарын ұйымдастырды.

Аталған іс-шарада студенттер келесі тақырыптар бойынша практикалық сабақтар дайындады:

  • «Сабақта оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және білім алушыларға арналған лайфхактар» - ПМНО-22С тобының білім алушылары, жетекшісі Качалова Кристина Витальевна.
  • «Риторика және шешендік өнер» - РЛ-12 тобының білім алушылары, жетекшісі Бондарь Виолетта Евгеньевна.
  • «Бастауыш мектепте алтыбұрыш оқыту технологиясын қолдану» - ПМНО-22А тобының білім алушылары, жетекшісі Сыздыкова Айым Акмаровна.