АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 23 Қараша 2023 08:48

«Интернет әлемінде» сайыс-сабағы және «Blockchain технологиясы. Қазақстандағы цифрландыру. Электрондық үкімет порталы» ашық сабағы

 2023 жылғы 22 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «КВАНТ» ӘБ математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында, оқытушы Рахметова Р.З., ТЖ-11А тобының білім алушыларымен «Интернет әлемінде» сайыс-сабағын өткізді, сонымен қатар оқытушы Рахимжан К.О. Информатика пәні бойынша ПВ-12 тобында «Blockchain технологиясы. Қазақстандағы цифрландыру. Электрондық үкімет порталы» ашық сабағын өткізді.
Бұл сайыстың мақсаты білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру және шығармашылық ізденістерін арттыру. Іс-шара өте көңілді және қызықты өтті.
Ашық сабақ - бұл білім алушыларға өздерінің жеке даралығын көрсетуге, шығармашылық ойлауды және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жақсы мүмкіндік болып табылады.