АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 23 Қараша 2023 03:54

«Ғажайып алаң» және «Біздің айналамыздағы физика» интеллектуалды ойын-сайыстары

2023 жылдың 21 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «КВАНТ» ӘБ математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында, оқытушы Нурсеитова Р.З., БББПӘ-11 тобында «Ғажайып алаң» тақырыбындағы және оқытушы Темирбаева А.А., ӨҚ-11Б тобында «Біздің айналамыздағы физика» тақырыбындағы интеллектуалды ойын-сайыстарын өткізді.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты студенттердің математика және физика пәніне қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Қолданылған жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етті. Білім алушылар тапсырмалар орындауда  белсенділік танытты.