АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 18 Қараша 2023 03:38

Студенттер қатарына қабылдау дәстүрлі Рәсімі

2023 жылдың 16 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде студенттер қатарына қабылдау дәстүрлі Рәсімі өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары тәрбие бөлімі, ЖІК және колледждің Студенттік парламенті болып табылады. Іс-шараның салтанатты бөлімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковнаның құттықтау сөздерінен басталды.

ЧС-22А тобының екінші курс студенті Саракатая Дарья «Білім» кілтін ФК-12А тобының бірінші курс студенті Сантасов Бимаханға тапсырды.  Колледж өміріне белсенді қатысқан білім алышулар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Студент атағына ие болу - бұл бірінші курс білім алушыларын бір-бірімен таныстыру, студенттік өмірге бейімделу және ұжымды біріктіру үшін құрылған жыл сайынғы іс-шара.

Бірінші курс студенттерін АҚЖКК студенттер қатарына қабылдауымен құттықтаймыз және колледжде жемісті де бақытқа толы жылдар өткізуге тілектеспіз!