АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 09 Қараша 2023 04:16

Дөңгелек үстел

2023 жылғы 7 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел модераторы ПМНО-12А тобының студенті, Студенттік парламентінің вице-президенті Жанат Жанель.
Іс-шара барысында студенттердің білім беру үдерісі мен олардың шығармашылық дамуы үшін, сондай-ақ олардың дүниетанымын, ойлау мәдениетін қалыптастыру және студенттік аудитория арасында қоғамдық сананы жаңғыртуға жәрдемдесу үшін маңызды болып табылатын баяндамалар талқыланды.
Осы іс-шарада аталған тақырып бойынша баяндамамен келесі білім алушылар сөз сөйледі:
• «Цифрлы білім беру - заманауи оқытудың кілті» тақырыбы бойынша ПМНО-12А тобының студенті Жанат Жанель;
• «Цифровой Казахстан - не цель, а средство» тақырыбы бойынша РЛ-22 тобының студенті Герок Владимир;
• «Клиповое мышление» тақырыбы бойынша ЧС-22В тобының студенті Досымова Аружан;