АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 06 Қараша 2023 08:01

Эссе байқауы

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық шеберлік орталығы Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» мемлекеттік тілде эссе байқауын ұйымдастырды.
Бұл байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатысуы мен болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.
Байқауға АҚЖКК ПШО «Мемлекеттік тілде сөйлеймін» клубының мүшелері қатысты.
«Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының жеңімпаздары:
1 орын – ПМНО-12С тобының білім алушысы Алексеева Валерия;
2 орын – ПМНО-22С тобының білім алушысы Бауэр Лиана және ДОВ-12 тобының білім алушысы Комнацкая Виктория;
3 орын – ПМНО-12С тобының білім алушысы Шмидкина Марина және ПМНО-12А тобының білім алушылары Кулагина Эвелина және Ярмухамметова Флюра;
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Кескіндер галлереясы