АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 02 Қараша 2023 07:27

«Mister and Miss AUTUMN BALL-2023»

2023 жылғы 31 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде дәстүрлі «Mister and Miss AUTUMN BALL-2023» іс-шарасы өтті.

«Mister and Miss AUTUMN BALL-2023» - колледждегі жылдың басты мәдени іс-шараларының бірі. Жаңа дарындарды ашу, студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдау, сондай-ақ көптеген жаңа таныстар мен мүмкіндіктер байқаудың бастапқы міндеттері болып табылады.

Биыл қазылар алқасының құрамына кірді:

  • Рахимова Жансулу Бауржанқызы – педагог хореограф, «Арай» халық ансамблінің жетекшісі;
  • Жаксыбаева Карина Армеджановна – «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының» маманы;
  • Ахмедова Динара Маратовна – Aqmol мейрамхана кешенінің атқарушы директоры;
  • Мерк Ангелина Борисовна – АҚЖКК арнайы пәндер оқытушысы;

«Mister and Miss AUTUMN BALL-2023» жеңімпаздары:

1 орын – ЧС-22Б тобының білім алушысы Рапықов Алишер және ЧС-22А тобының білім алушысы Саракатая Дарья;

2 орын – ФК-12Б тобының білім алушысы Садвакасов Әмір және ДОВ-12 тобының білім алушысы Болдырева Дарья;

3 орын – ФК-12А тобының білім алушысы Сантасов Бимахан және РЛ-12 тобының білім алушысы Балабекова Лаура;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға табыс тілейміз!