АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 31 Қазан 2023 09:13

«Жас мамандарға арнау» байқауы

2023 жылғы 27 қазанда АҚЖКК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова У.К. оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Жас мамандарға арнау» байқауын өткізді.
Бұл іс-шараға колледжіміздің жас мамандарынан құрылған екі топ қатысты. Қатысушылар білім деңгейлерін көрсетумен қатар, өздерін басқа қырынан көрсете білді.
Сондай-ақ, жас мамандар өздеріне артылған міндеттерді орындай алуға, білім алушыларға сапалы білім беруге ант етті!
Байқау қорытындысы бойынша:
• 1 орын – «Арман және нубтар» тобы;
• 2 орын – «Интернационал» тобы;
Сонымен қатар «Ең үздік қатысушы» номинациясы бойынша Бондарь Виолетта мен Тұяқ Арман марапатталды.
Қатысушыларды жетістіктерімен құттықтай отыра, жұмыстарына сәттілік тілейміз!