АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 27 Қазан 2023 06:07

Экскурсия

РЛ-12 тобының білімалушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж. Шайхинамен бірге Көкшетау жоғары медициналық колледжі жанындағы мұражайға барды.

Мақсаты: жастарды патриотизмге, адамгершілікке және мейірімділікке тәрбиелеу.

Мұражайдың экскурсоводы Разия Куандыковна Сапиева білім алушыларға «Мейірімділік пен батылдық» мұражайының Құрмет белгісімен марапатталған Көкшетау қаласының Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы айтып берді. Бұл батырлардың батылдығы адамзаттың жадында мәңгі қалады.

Шайхина Г.Ж.