АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Қазан 2023 08:42

М.Ғабдуллин музейіне саяхат

2023 жылдың 19 қазанында АҚЖКК-нің  БА-11 және ПБ-12 топтарының студенттері мен кураторлары Ибраева Г.Е., Усина С.С. М.Ғабдуллин музейіне саяхат жасады.

Музейге саяхат жасаудағы мақсат - Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М.Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы жастарға Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру болды.

Топ білімалушылары жазушының ғылыми еңбектері, батырлық жолы, экспозициялық залдағы құнды жәдігерлермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына танымдық ақпарат алды.                                      

Кураторлар: Ибраева Г.Е., Усина С.С.