АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Қазан 2023 08:46

Құтқарушы Антын қабылдау салтанатты рәсімі

2023 жылғы 19 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Құтқарушылар күніне орай 2 курс білім алушылары үшін Құтқарушы Антын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Білім алушылар колледж директоры – Тюлебаев Аскербек Жамантаевичтен, сонымен қатар полковник – Тураров Сериккан Женисовичтен құттықтау сөздерін тыңдады.

Іс-шара барысында Құтқарушылар күніне ұйымдастырылған олимпиада және жарыс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері мадақтамалармен марапатталды.

Азаматтық қорғаныс полковнигі Кадыров Рамазан Татжанович басшылығымен, АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасы тамаша нәтижелер көрсетіп келе жатыр. Бұл өз кезегінде біздің түлектеріміздің заманауи еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екендігін айғақтайды.