АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 18 Қазан 2023 04:37

«Жасөспірімдер мен жастар ортасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу» мәселесі бойынша кездесу

2023 жылғы 18 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жасөспірімдер мен жастар ортасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу» мәселесі бойынша кездесу өтті.
Кездесуде сөз сөйлеген спикерлер:
- Мукашев Нурсултан Маратович – полиция полковнигі, Ақмола облысының Полиция департаменті басшысы.
- Ешимов Жанатбек Акылбекович – полиция полковнигі, Көкшетау қаласы ПБ басшысы.
Бұл іс-шара жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен девиантты мінез-құлықтың алдын алу стратегияларын талқылауға және әзірлеуге бағытталған. Мұндай кездесулер жастар өз қабілеттерін құқық бұзушылықсыз дамыта алатын болашақтың қалыптасуына ықпал етеді.