АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 18 Қазан 2023 04:31

Құттықтаймыз!

2023 жылғы 17 қазанда ақын Бауыржан Қарағызұлының шығармашылығына арналған «БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ» облыстық мәнерлеп оқу байқауының ақтық кезеңі Қосшы қаласы мектеп гимназиясының салтанат залында өтті. Ақтық кезеңге қазылар алқасының шешімімен Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен Ерейментау, Зеренді, Астрахан аудандарынан және Астана қаласынан 14 үздік қатысушы шақырылды.
Байқау нәтижесі бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы Темирбаева Айзада Адильбековна екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, АҚЖКК «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс студенті Серік Әли белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Білім алушы жетекшісі - Иса Дана Сансызбайқызы.
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Кескіндер галлереясы