АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 05 Қазан 2023 05:53

ҚР оқу-ағарту министрінің құттықтауы

Құрметті ұстаз!

Сізді Оқу-ағарту министрлігі мен өз атымнан кәсіби мерекеміз ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беріп, ізетті өнеге дарытып, мемлекеттіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, білім саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін зор алғысымды білдіремін.

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шығармашылық табыс пен береке-бірлік тілеймін!

Мерейіңіз үстем болсын!

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев